Инвестиция және оның түрлері

Предыдущая12345678910111213141516Следующая

Инвестициялар деп өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі-уақыт, ал екіншісі-тәуекелділік (тәуекелге бару). Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі-жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субьектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақты және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді. Нақты инвестиция дегеніміз – шаруашылық субьектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын баска да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ак, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Каржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (кұнды) кағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) кағаздар екі топка бөлінеді — ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Акшалай бағалы қағаздарды алған кезде акшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинак сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдык (атаулы) кұнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен калыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, кысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уакытқа) беріледі.



Инвестиция мыналарға бөлінеді:

үлестік – жай және артықшылықты акциялар ; борышқорлық –облигациялар, қазыналы вексель, депозиттік сертификаттар және т.б.

2.Корпорацияның қаржылық стратегиясы.

Стратегиялық жоспарлау ұзақ мерзімді бағытталуы қажет. Осы жерге персонал жұмысшыларының жоғары сапасын және жұмысшылардың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету мақсатымен әртүрлі өндірістік техникалық факторлар мен ұйымдық басқарушылық құрылымды кезең бойынша жүзеге асыру негізінде экономикалық өсудің жоғары қарқынына жетуге бағытталуы тиіс, корпорацияның өсуіне, оның өлшемінің артуы келесі көрсеткіштер бойынша қызметтердің кеңейтуді (өндіріс көлемі, нарықтағы үлесі, мамандар саны, сату шамасы, таза табыс және тағы басқа жатады)

Қаржы стратегиясы – кәсіпорынның дамуының корпоративті стратегиясын жүзеге асыру үшін қаржылық ресурстарды қалыптастыру және оларды пайдалану бағыттарын анықтау.Қаржы стратегиясы – кәсіпкерлік құрылым (кәсіпорынның активті өсуінде көрінеді)

- жинақтау және тұтыну стр.

- қарыз стратегия (несие сомасы, несие беру көздері, қайтару мерзімі)

- функцион. стратегия және ірі бағдарламаларды қаржыландыру


5830517009635506.html
5830553639315875.html
    PR.RU™